Ахметова Балжан Ибрагимқызы 1991 жылы 27 қарашада Түркістан облысында дүниеге келген. 2013
жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Механика» мамандығы бойынша тәмамдады.
2015 жылы «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
2021 жылы «Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін
диссертациясын қорғады.
Еңбек өтілі:
2015–2018 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Регистр офисінің жетекші маманы;
2019–2024 жж. — У.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының аға ғылыми
қызметкері;
2022–2024 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының оқытушысы;
2024–2025 жж. — механика кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми-инновациялық қызмет және
халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары;
2025 жылдан бүгінге дейін — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының аға оқытушысы,
механика-математика факультетінің оқыту және білім беру сапасы жөніндегі академиялық
комитетінің төрағасы.
Ғылыми жобалар мен гранттар:
— «Жас ғалым» бағдарламасы аясындағы AP14972874 «Технологиялық тоқтау (выстой) бар жұмысшы
ползунның кривошипті-іленді прессін зерттеу және жобалау әдістерін әзірлеу» жобасының
жетекшісі (2022–2024 жж.);
— BR20280990-OT-24 «Сұйықтық және газ механикасының, деформацияланатын денелердің, машиналар
мен механизмдердің сенімділігі мен энергия тиімділігінің фундаменталды есептерін шешу
тәсілдерін әзірлеу және дамыту» жобасының қатысушысы (2024 ж.);
— ПЦФ BR24992947 «Қазақстан автокәсіпорындары үшін жасанды интеллект негізінде роботтар
әзірлеу, роботтандыру және өнеркәсіптік автоматтандырудың (RPA) ғылыми-техникалық және
бағдарламалық қамтамасыз ету» жобасының аға ғылыми қызметкері (2025 ж.);
— ПЦФ BR24992820 «Протездеу және реабилитация саласындағы хирургиялық араласуларды
жетілдіруге арналған инновациялық медициналық технологиялар мен құрылғылар» жобасының аға
ғылыми қызметкері (2025 ж.).
Халықаралық ынтымақтастық және тағылымдамалар:
— Berlin Space School, Берлин, Германия (2014);
— ИМАШ РҒА, Мәскеу, Ресей (2020);
— Gedik University, Стамбул, Түркия (2024).
Марапаттар мен тану:
— Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым мен білімді
дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаты (2024 ж.);
— «Қазақстанның 500 ғалымы» жобасы бойынша ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері;
— Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті деканының білім беру қызметіндегі
жетістіктері үшін Алғыс хаты (2025 ж.).